Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 27 наурыздағы № 9-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі төменде көрсетілген аккредиттеу субъекттердің:
1) Петропавл қ., «AgroMarketing-Kazakhstan» ЖШС сынақ зертханасының 02.06.2022 жылғы № KZ.Т.15.Е1050,
2) Алматы қ., «КазАвтоЭксперт» ЖШС сынақ зертханасының 22.08.2022 жылғы № KZ.T.02.E1296 аккредиттеу аттестаттары кері қайтарып алынсын.
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

