Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
5) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 17 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 10-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Семей қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «Семей» филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органына, 01.07.2019 жылы берілген № КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «КО ТР 003/2011» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

