Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 17 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 9-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ. «Тепло KZ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 29.03.2022 жылы берілген № KZ.P.01.E0893 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «өлшемнің 10 түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

