Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 128 және № 130 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» талаптарына сәйкес «Дик Ойл» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы, Ақтөбе қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Vertex Metrology» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
2) «Технадзор Инжиниринг КЗ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «Alma-Lab» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Қарашығанақ Серіктес» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақсай қ.;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты «Қыран» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қызылорда қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Оңтүстік Қазақстан филиалы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органына, Шымкент қ.;
2) «КАЗЭКОЛОГИЯ» РҒӨАО» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Kazagrolab» «Navistar Asia» ЖШС сынақ агрохимиялық зертханасына, Көкшетау қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Талдықорған қ. / «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Талдықорған қ.;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ. / «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
3) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ. / «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттык аккредиттеу орталығы» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

