Аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 61 хаттамасына өзгерістер енгізу негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 06 сәуірдегі № 389-ОД бұйрығының 4.3-тармағында келесі аккредиттеу субъектісі алып тасталсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты».
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

