Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына
сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2023 жылғы сәуір айының 17 күнгі № 10-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ – «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасының 30.12.2020 жылғы №KZ.P.06.0296 аккредиттеу аттестатын қайта жаңартудан бас тартылсын.
2. Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастырсын.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

