Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Kazmunaiservices & Contracting» ЖШС калибрлеу зертханасының 15.01.2021 жылғы № KZ.K.06.2412 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Сектор» ЖШС сынақ зертханасының 16.10.2020 жылғы № KZ.T.09.0578 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Крона Инвест» ЖШС сынақ зертханасының 01.07.2022 жылғы № KZ.T.03.E1120 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс- Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының 02.08.2022 жылғы № KZ.T.07.E1269 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасының 01.07.2022 жылғы № KZ.T.01.E1159 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
6. «МЕПО» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 15.04.2021 жылғы № KZ.P.01.1132 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
7. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
8. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Б.С. Еримбетовқа жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

