Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2024 жылғы 19 наурыздағы № 94 және № 95 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Павлодар қ., «QazGene» ЖШС Павлодар филиалының ПТР-зертханасының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақтау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Маңғыстау филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
2) Алматы қ., «Сапа Сервис Компани» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
3) Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
4) Қарағанды қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қарағанды филиалының сынақ орталығы;
5) Өскемен қ., «ЦентрЭКОпроект» ЖШС сынақ зертханасы;
6) Атырау қ., «Aktobe Gas Innovations» ЖШС Атырау қаласындағы филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
7) Астана қ., «Центр испытаний, метрологии и сертификации» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
8) Астана қ., «Центр испытаний, метрологии и сертификации» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
9) Алматы қ., «Научно-исследовательский центр экологии и окружающей среды Центральной Азии (Алматы)» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
10) Қызылорда қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
11) Атырау қ., «Республиканский научно-исследовательский центр охраны атмосферного воздуха» ЖШС-ң экологиялық мониторингтің мобильді сынақ орталығы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Шымкент қ., «Водомер» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Көкшетау қ., «ПАЛАТА» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-ңкалибрлеу зертханасының;
5. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастырылуына байланысты Ақтөбе қ., «Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының мемлекеттік корпорациясының сынақ зертханасынан / Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің Мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2022 «Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» стандартына өтуіне байланысты Астана қ., «SupEx» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
1) Щучинск қ., «Eurasian GHG Management» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның;
2) Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі орган
«Ecoprof KZ» ЖШС, Қарағанды қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі/ мониторингтен кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
9. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақыла «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б. С. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

