Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 18 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 1-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті «Engineering & Construction Company» ЖШС сынақ зертханасының 30.06.2021 жылы берілген
№ KZ.T.06.E0383 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

