«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 8 сәуірден 2025 жылғы 8 шілдеге дейін ұзартылсын:
- Алматы қ., «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» АҚ сынақ зертханасының № KZ.T.02.0603 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы қ., «Текс» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.02.0650 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

