Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 154 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «SRT Auto Test» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
2) Ақсай қ., «SUNBELT KAZAKHSTAN» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
3) Ақсай қ., «SUNBELT KAZAKHSTAN» ЖШС-ның калибрлеу зертханасы;
4) Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығының филиалы» ШЖҚ РМК Жамбыл аудандық бөлімшесінің Жамбыл облысы бойынша сынақ зертханасы;
5) Қызылорда қ., «Строй-Дор LTD» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
6) Саран қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Саран қалалық бөлімшесінің Қарағанды облысы бойынша сынақ зертханасы;
7) Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ., «Испытательный центр транспортных средств» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
8) Қарағанды қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның – «Магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды сигнал беру және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
9) Тараз қ., «КазВетАгро» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
10) Алматы қ., «ТехПромГаз-НИЛ» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
11) Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жарсуат а. о., ЖТАҚ «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В», Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
12) Ақтөбе қ., «Сталь-Пром Қазақстан» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «Фирма Жаңабет» ЖШС-ның өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Атырау қ., «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аналитикалық зертхана» ЖШС-ның сынақ зертханасының;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардын аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Атырау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалының сынақ орталығының;
2) Қызылорда қ., «Etalon ortalygy» ЖШС-ның сынақ зертханасының.
4. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Ақтау қ., «АвтоСертАктау» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Жаңатас қ., «Қазфосфат АӨК» ЖШС-ның өндірістік-санитариялық зертханасынан Жаңатас қ., «Қаратау АӨК» Қазфосфат» ЖШС-ның филиалының өндірістік- санитариялық сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
6. «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
8. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

