«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 29 мамырдан 2020 жылғы 29 тамызға дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасы 2015 жылдың 29 мамырдағы № KZ.И.12.1610 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 29 мамырдағы № KZ.P.14.0761 аккредиттеу аттестаты;
- «Автоматика Прибор Ремсервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 29 мамырдағы № KZ.П.16.0813 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

