Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 05 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 8-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ., «Экосфера» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы, Ақтау қ. жылжымалы сынақ зертханасының 29.03.2022 жылы берілген № KZ.T.13.E0897 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

