Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 05 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 7-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы сынақ зертханасының 30.06.2021 жылы берілген № KZ.T.02.E0366 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

