«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республиқасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңның 22-бабына сәйкес және 2020 жылғы мамыр айының 26 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 40 хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Алматы қ., «RTA рroffi» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «Test Standard Engineering» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «Ғылыми-өндірістік фирма «Мунайгаз инжиниринг Лтд» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе облысы, Алтынды ауылы, «AltynEx Company» АҚ-ң сынақ-аналитикалық зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «Nomad Eco» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «САПА СЗ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «ЕнбекГруппСервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) сынақ зертханасы;
Петропавл қ., «Агро-Нан-Экс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «МСС – КИП Автоматика» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Қазақтелеком» АҚ-ң филиалының «Алыспен байланыс» бірлестігі метрологиялық салыстырып тексеру зертханасы;
Орал қ., «Батыс су арнасы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., «АК Метролог» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., «ЦСМ Батыс» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., «Метрология KZ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Атырау қ., «ЗаманКвантор» ЖШС-ң калибірлеу зертханасы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

