Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 9 және 10 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
Атырау қ., «НДТ-Сервис» ЖШС-ның Атырау филиалы сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тартылсын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

