Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 150-О, 151-О, 152-О хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттары қайтарылып алынсын:
Нұр-Сұлтан қ., «Астанасертификация» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 12 сәуірде берілген № KZ.T.01.E0134 аккредиттеу аттестаты;
Семей қ., «Semey Sapa» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 18 қарашада берілген KZ.T.17.2396 аккредиттеу аттестаты;
Атырау қ., «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ – «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы тексеру зертханасына 2020 жылғы 30 желтоқсанда берілген № KZ.P.06.0296 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 368-ОД 30.03.2022 Аккредиттеу аттестатын қайтарып алу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

