Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
KZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының 2024 жылғы 02 қазандағы № 1 қосымшасының 12-бөліміне сәйкес «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалы сәйкестігін растау жөніндегі органға қатысты қолданылуы тоқтатылсын.
2. Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

