Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 11 наурыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 169, 170, 171, 172, 174, 175, 176, және 177 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1:2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 1 бөлім.» талаптарына сәйкес, «Сапа Интерсистем»ЖШС менеджмент жүйесінің СРО, Алматы қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) «ЦеЛСИМ» ЖШС өнімдерінің, процесінің, қызметтерінің СРО, Алматы қ.;
2) «Гылыми-техникалық инженерлік орталық» ЖШС өнімдерінің СРО, Алматы қ.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Гамма» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы;
2) «Wellbore Integrity Solutions Kazakhstan (Вэлбор Интегрити Солюшнс Казахстан)» ЖШС сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауылы;
3) «Expertus» ЖШС сынақ / мобильді (жылжымалы) зертханасы, Рудный қаласы;
4) «Экосфера» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы, Ақтау қаласы;
5) «Қарағанды Инвест» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
6) «Казақстандық аграрлық сараптама» АҚ сынақ орталығы, Нұр-сұлтан қаласы.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың тексеру зертханаларыаккредиттелсін:
1) «Zhetysu Service Partners» ЖШС тексеру зертханасы, Алматы қаласы;
2) «Тепло KZ» ЖШС тексеру зертханасы, Нұр-сұлтан қ;
3) «GQ-System» ЖШС тексеру зертханасы, Нұр-сұлтан қ;
4) «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
5) ТОО «Тепло KZ» калибрлеу зертханасы, Нұр-сұлтан қ;
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Евразия одағы» қазақстандық сараптау және сертификаттау агенттігі» ЖШС менеджмент жүйесінің СРО, Ақтау қаласы
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдерінің, процесінің, қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның Ақтөбе филиалы, Ақтөбе қаласы;
3) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның «Семей» филиалы, Семей қаласы;
4) «Семей» менеджмент жүйесінің СРО «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалы, Нұр-сұлтан Қ.;
5) «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік санитария зертханасы, Ақсу қаласы;
6. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Ақтөбе қаласындағы «STEP-MS» ЖШС сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1,2,3 және 4 тармактарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 367-ОД 29.03.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

