«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 18 наурыздан 2026 жылғы 18 маусымға дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ «Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бірлескен Қазақстан-Қытай зертханасы» сынақ зертханасының № KZ.T.01.2422 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақтөбе қ., «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ сынақ зертханасының № KZ.T.05.E0156 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 18 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

