Аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2021 жылдың 24 ақпандағы № 41 хаттамасына өзгеріс енгізу негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң Бас директорының 2021 жылдың 26 ақпандағы № 248-ОД бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
Бұйрықтағы 2.4 тармақтағы сынақ зертханаларының атаулары келесі редакцияда жазылсын:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бөлімшесінің сынақ зертханасы, Қарағанды қ.» атауы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды қаласындағы Бөлімшесінің сынақ зертханасы, Қарағанды қ.» атауына өзгертілсін;
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бөлімшесінің сынақ зертханасы, Тараз қ» атауы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Тараз қаласындағы Бөлімшесінің сынақ зертханасы, Тараз қ.» атауына өзгертілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

