«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшелері - Қарабалық және Жітіқара аудандық ветеринариялық зертханалары (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.T.11.0547 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 20 мамырдан 2020 жылғы 15 шілдеге дейін;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауыпты инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.T.02.0619 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 20 мамырдан 2020 жылғы 15 шілдеге дейін.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 20 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

