Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 17 наурыздағы № 7-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалының салыстырып тексеру зертханасының 29.03.2024 жылғы № KZ.P.13.0242 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «13 және 16 өлшем түрлері» бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. О. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

