Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2024 жылғы 19 наурыздағы № 88 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1)Ақтөбе қ., «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының энергетикалық цехының Суды тазарту учаскесінің сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Интер Трасса» сынақ зертханасы;
3)Ерейментау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Ерейментау аудандық бөлімшесінің Ақмола облысы бойынша сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «ГК Ас-Ал» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2.Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Көкшетау қ., «NewSurveyKz» (НьюСюрвейКз) ЖШС сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3.Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қызылорда қ., «Цитрин» ЖШС-ң сынақ және мобильді зертханасының;
2) Тараз қ., «МедРемСтандарт» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
3) Тараз қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Жамбыл филиалының калибрлеу зертханасы;
4) Астана қ., «Фирма Торговая Палата» ЖШС-ң өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
4. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2022 «Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1)Щучинск қ., «Eurasian GHG Management» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның;
2) Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі орган «Ecoprof KZ» ЖШС, Қарағанды қ.
5.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі/ мониторингтен кейінгі келісім-шарт жасасын.
6.Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
7.Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
8.Осы бұйрықтың орындалуын бақыла «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б. С. жүктелсін.
9.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

