Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы мамыр айының 15 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №36 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Нұр-Султан қ., «Астана-Энергия» АҚ-ң «-ЖЭО салыстырып тексеру зертханасыны аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Орал қ., «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалының «Оргтехдиагностика» қызметінің сынақ орталығы;
Маңғыстау облысы «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» сынақ зертханасы;
Атырау қ., «Эмбагеодезия» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Султан қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облыстық филиалының Нұр-Султан қаласы бойынша ветеринариялық зертханасы.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Атырау қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Султан қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Астана электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Электр мен жабдықтау басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» Ақ-ң Ақмола жүйеаралық электр тораптары филиалының салыстырып тексеру зертханасы.
3. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Нұр-Султан қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС-ң филиалының «КДЛ ОЛИМП» медициналық зертханасы аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Маңғыстау облысының бөлімшесінің сынақ орталығының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
4.2 Ақтөбе қ., «Сертис-М» өндірістік кооперативінің сынақ орталығының аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты.
4.3 Алматы қ., «EUROASIA MS» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы ҚР СТ ИСО 45001-2019 "Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
4.4 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Султан қ., «A2 company» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС-ң сертификаттау сынақ орталығы;
Ақмола облысы, «Diagnostic Group» Ғылыми-зерттеу диагностикалық орталығы» ЖШС-ң сынық зертханасы;
Нұр-Султан қ., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ-ң сынақ зертханасы.
4.5 Алматы облысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «906-шы өдшеу техникасы базасы» РММ-ң салыстырып тексеру зертханасыны ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне және заңды мекен-жайының өзгеруіне байланысты.
4.6 Атырау қ., «KAZ - NDT - SERVICE (КАЗ – НДТ -СЕРВИС)» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбай бақылау жылжымалы сынақ зертхансы.
4.7 Алматы қ., «Научно-инженерный центр безопасности в промышленности» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
5. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

