Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 18 қантардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 29-о хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Өскемен қ., «Испытатель ДСМ» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылдың 18 қарашада берілген № KZ.T.07.0790 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «асфальтбетон, асфальтбетон қоспалары» өнімі бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

