Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «NDT Services Ltd» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 17 тамыздағы № KZ.T.02.2437 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Ғылыми-техникалық орталық» «Өнеркәсіп технологиясы» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 09 қыркүйектегі № KZ.T.08.E0579 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Спецэнергосервис» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 18 наурыздағы № KZ.T.16.2313 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
5. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевке жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

