«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 22 мамырдан 2020 жылғы 22 тамызға дейін ұзартылсын:
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығы 2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.T.11.0840 аккредиттеу аттестаты;
- «Cosmomed» ЖШС сынақ орталығы 2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.И.02.0738 аккредиттеу аттестаты;
- «Темірбетон» ЖШС сынақ орталығы 2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.Т.04.0746 аккредиттеу аттестаты;
- «Cosmomed» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы 2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.О.02.0995 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.P.11.0845 аккредиттеу аттестаты;
- «Айдабол Компани» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 22 мамырдағы № KZ.P.14.0772 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

