Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2024 жылғы 14 наурыздағы № 79 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Павлодар қ., «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» (Қаз Стандарт) ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының біліктілігін тексеру провайдері аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі медициналық зертханалар аккредиттелсін:
1) Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК Орталықтандырылған зертханалық бөлімінің медициналық зертханасы;
2) Астана қ., «INVIVO» (ИНВИВО) ЖШС-ң медициналық өңірлік зертханасы.
3) Талдықорған қ., Жетісу облысы бойынша денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Ақкөл аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Авто Сертификация» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Көкшетау қ., «Многопрофильная областная детская больница» ШЖҚ МКК сынақ орталығы.;
5. GLP принципіне сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК аумақтық филиалының фармакологиялық сынақтар зертханасының сынақ орталығына куәлігі берілсін.
6.Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Орал қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығының;
2) Қарағанды қ., «Евротехсервис К» ЖШС-ң зертханалық - талдау орталығының сынақ зертханасы;
3) Тараз қ., «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң бөлімшесінің сынақ зертханасының.
7. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «АДС САПА» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы;
2) Атырау қ., Теңіз вахталық кенті, «Теңізшевройл» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
8. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Қарағанды қ.
«МНПХ «Фитохимия» АҚ сынақ зертханасынан / Қарағанды қ., «Научно- производственный центр «Фитохимия» АҚ сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9.ҚР СТ ISO/IEC 27001-2023 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылық. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері. Талаптар» жаңа стандартына өтуіне байланысты Алматы қ., «Казахстанский центр качества» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
10.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі/ мониторингтен кейінгі келісім-шарт жасасын.
11. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
12. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
13. Осы бұйрықтың орындалуын бақыла «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б. С. жүктелсін.
14. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

