«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 15 наурыздан 2026 жылғы 15 маусымға дейін ұзартылсын:
1) Ақтау қ., «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС жылу электр станциясының (ЖЭС) химиялық зертханасының № KZ.T.13.1622 аккредиттеу аттестаты;
2) Шымкент қ., «VISTAGRAD» ЖШС құрылыс сынақ зертханасының № KZ.T.16.1709 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Өнімдер сапасын тексеру орталығы» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.0850 аккредиттеу аттестаты;
4) Өскемен қ., «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ сынақ зертханасының № KZ.T.07.1063 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 15 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

