Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2022 жылғы 18 қантардағы № 28-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жол диагностикалық орталығы» филиалының Алматы салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 30 қыркүйекте берілген № KZ.P.02.0624 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

