Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 59-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау органының 2017 жылдың 22 желтоқсанында берілген № KZ.V.02.1990 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

