Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 106, № 107 және 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 105 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Шымкент қаласындағы «КДЛ ОЛИМП» ЖШС филиалының «ОЛИМП» медициналық зертханасы / клиникалық-диагностикалық зертханасы Шымкент қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «AutoEx» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
2) «Желі» дивизионы «бірлестігінің метрологиялық орталығының – «Қазақтелеком» АҚ филиалы салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.
3) «ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті;
4) «Метролог-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық бөлімшесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сынақ зертханасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Есіл аудандық бөлімшесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сынақ зертханасы, Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» Түпқараған аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «КЕАҚ жанындағы» агроэкологиялық сынақ орталығы (зертхана)» сынақ орталығы, Астана қ.;
2) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің «Метрология және өлшеу құралдарын инспекциялау» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш өңірінің өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын– «Балқашцветмет» өндірістік бірлестігі салыстырып тексеру зертханасы, Балқаш қ.;
3) «Сапа Интерсистем» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Манғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы Ақтау қ.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Өзенмұнайгаз» АҚ калибрлеу зертханасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сынақ зертханасы,»Қазгипроводхоз институты» өндірістік кооперативі / «Қазгипроводхоз институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) «Маңғыстау атом энергетикалық Казатомпром - комбинаты» ЖШС сынақ зертханасы / «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
3) Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ МКК медициналық зертханасы / Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК медициналық зертханасы, Көкшетау қ.;
4) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ сынақ зертханасы / «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ сынақ зертханасы, Атырау қ.;
5) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» РММ сынақ зертханасы / «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» РММ сынақ зертханасы Қызылорда қ.
6. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Коѕма» ЖШС сынақ зертханасының, Шымкент қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыруға байланысты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің Шаң-газ зертханасы – «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігі / «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қоршаған ортаны қорғау басқармасының Шаң-газ зертханасы / сынақ зертханасының, Жезқазған қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттык аккредиттеу орталығы» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

