Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ топырақты агрохимиялық талдау сынақ зертханасының 14.08.2020 жылғы № KZ.T.07.2371 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Центральная научно- производственная строительная лаборатория» ЖШС сынақ зертханасының 14.06.2021 жылғы № KZ.T.02.E0308 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Б.С. Еримбетовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

