Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 17 наурыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 60 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ «Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бірлескен Қазақстан-Қытай зертханасы» сынақ зертханасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Нұр-Сұлтан қ.;
«ALTYN ENBEK» сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Қазақстан стандарттау және метрология институты» ЖШС сынақ зертханасы, , Нұр-Сұлтан қ.;
«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
1.2 Келесі ұйымның салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«Инженерлік-метрологиялық орталық» ЖШС, Қызылорда қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектісінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Қауіпсіздік технологиясы «Өндірістік сараптау ұйымы» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.
2.2 Келесі аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты:
«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сынақ орталығы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Кызылжар ауданы.
3. Аккредиттеу субъектілерін аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС сынақ мобильдік зертханасы, Қостанай қ.
«Өнеркәсіптегі қауіпсіздік ғылыми-инженерлік орталығы» өнім сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.
4.«ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

