Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2022 жылғы 4 наурыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 114, 115, 116, және 117 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
1.1. Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары:
Қарағанды техникалық университеті КЕАҚ «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейін,дегі сынақ зертханасы, Қарағанды қаласы;
«G Global Project» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы;
«Ақтөбе мұнай маш комплект» ЖШС бұзылмайтын бақылау зертханасы, Қандыағаш қаласы;
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ сынақ орталығы, Орал қаласы;
1.2. «Казцинк-Энерго» ЖШС тексеру зертханасы, ШҚО, Алтай қаласы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
2.1. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Тұран Бизнес Групп» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қаласы;
«Фирма Торговая палата» ЖШС сынақ орталығы, Нұр-сұлтан қ.;
2.2 Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ құрылыс өнімдерінің сынақ зертханасы, Өскемен қаласы;
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ сынақ орталығы, Өскемен қаласы.
2.3 Атауының өзгеруіне байланысты:
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы / «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының атауы өзгеруіне байланысты;
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы / «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының атауы өзгеруіне байланысты;
2.4. Семей қаласындағы «Қазақалтын» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының сынақ зертханасының аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 315-ОД 15.03.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

