«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде ұзартылсын:
- "Омега-2" өндірістік кооперативінің салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 4 мамырдағы KZ.П.10.0773 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 4 мамырдан 2020 жылғы 29 маусымға дейін;
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 4 мамырдағы KZ.P.02.0365 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 4 мамырдан 2020 жылғы 29 маусымға дейін;
- «СтандартСтройСервис LTD» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 4 мамырдағы № KZ.И.12.1600 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 4 мамырдан 2020 жылғы 29 маусымға дейін;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 4 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

