«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Атырау қ., «RAM Engineering & Service» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 27 наурыздағы № KZ.P.06.2317 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 27 наурыздан 2025 жылғы 27 маусымға дейін ұзартылсын.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

