Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 3-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Алматы қ. «Эталон XXI» ЖШС салыстырып тексеру зертахансының 03.11.2021 жылы берілген № KZ.P.02.E0662 аккредиттеу аттестаты қайта жаңартылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

