Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 29 наурыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 100 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «сәйкестікті бағалау валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» талаптарына сәйкес «SupEx» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы, Астана қ. аккредиттелсін.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҰАО РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
3. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
4. Осы Бұйрықтың күші «ҰАО» РМК-ң Бас директорының м.а. 24.02.2023 жылғы № 176-НҚ бұйрығының күшіне енген сәтінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

