Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 18 наурыздағы № 9-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «NS Service Group» ЖШС сынақ орталығының 05.05.2022 жылғы № KZ.T.05.E0963 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «Автокөлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 303-ОД 20.03.2025 ж. Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

