Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылғы 12 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов кенті, «ИЛ Акжол Тест» ЖШС сынақ зертханасы,
2) Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, С. Нұрмағамбетов көшесі, 176, «Научно-производственный центр агроинженерии» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасы,
3) Қостанай қ., «Агрохимическая компания ДАРКАН ДАЛА» ЖШС «Зерттеу орталығы» филиалының зерттеу орталығы, Қостанай қ.,
4) Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС топырақ және өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын анықтау жөніндегі талдау орталығы,
5) Ақтөбе қ., «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС орталық зауыттық зертханасы,
6) Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «Әлібекмола» кен орны, «Казахойл Актобе» ЖШС Орталық инженерлік-технологиялық қызметінің сынақ зертханасы,
7) Алматы қ., «НИИСТРОМПРОЕКТ» ЖШС құрылыс материалдарының кешенді ғылыми-зерттеу зертханасы.
2. «Сәйкестікті бағалау. Инспекциялық жұмыстарды жүргізетін әртүрлі органдардың жұмысына қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 талаптарына сәйкес Атырау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының инспекциялық органы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Маңғыстау облысы, Ақтау қ., «Вэст Куалити Контрол» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 19 маусымдағы №KZ.T.13.E0684 аккредиттеу аттестаты,
2) Өскемен қ., «ЦентрЭКОпроект» ЖШС сынақ зертханасының 2024 жылғы 29 наурыздағы №KZ.T.07.2173 аккредиттеу аттестаты,
3) Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өнім мен қызметтердің сәйкестігін растау Орталық органының 2024 жылғы 02 қазандағы №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестаты (№1 Қосымшаның 1-тармағы),
4) Қарағанды қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өнім мен қызметтердің сәйкестігін растау органы Қарағанды филиалының 2024 жылғы 02 қазандағы №KZ.O.01.0317 аккредиттеу аттестаты (№1 Қосымшаның 9-тармағы), оның ішінде 2024 жылғы 02 қазандағы №KZ.O.01.0317 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын ТР ТС 010/2011, ТР ТС 025/2012 бойынша аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізіліміндегі мәліметтер өзектендірілсін,
5) Өскемен қ., «Үлбі металлургия зауыты» АҚ сынақ орталығының 2024 жылғы 15 қаңтардағы №KZ.T.07.0256 аккредиттеу аттестаты.
4. Атырау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы Метрология бөлімінің салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 07 ақпандағы №KZ.P.06.0205 аккредиттеу аттестаты аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты қайта рәсімделсін.
5. Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық зертханасы / Орталықтандырылған зертханалық бөлімінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № KZ.M.07.2191 аккредиттеу аттестаты «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO 15189-2023 стандартына көшуге байланысты қайта рәсімделсін.
6. ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Алматы қ., «Test & Safety» ЖШС сынақ зертханасы, 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № KZ.T.02.2995 аккредиттеу аттестаты,
2) Алматы қ., «Ala-test» ЖШС сынақ зертханасы, 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № KZ.T.02.2997 аккредиттеу аттестаты.
7. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 - 2-тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі шарттар жасассын.
8. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың 7-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа, 8 және 9-тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

