«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 5 наурыздан 2026 жылғы 5 маусымға дейін ұзартылсын:
1) Қарағанды қ., «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасының санитарлық-профилактикалық зертханасының № KZ.T.10.2423 аккредиттеу аттестаты;
2) Атбасар қ., «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.03.1139 аккредиттеу аттестаты;
3) Шымкент қ., «Шымкент «Эталон» зауыты» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.16.1016 аккредиттеу аттестаты;
4) Қостанай қ., «InterExpress» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.11.2428 аккредиттеу аттестаты;
5) Көкшетау қ., «Палата» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.O.03.E0053 аккредиттеу аттестаты;
6) Хромтау қ., «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - «Дөң тау-кен байыту комбинаты» қоршаған ортаны қорғау зертханасының № KZ.T.05.1053 аккредиттеу аттестаты;
7) Петропавл қ., «Дорожная лаборатория» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.15.2427 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 5 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

