Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2024 жылғы 4 наурыздағы № 78 және № 79 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Ақтау қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ «Электрондық құрылғыларды жобалау және монтаждау» автоматика және ақпараттық технологиялар институтының сынақ зертханасы;
2) Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Аршалы аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
3) Атырау облысы, Атырау-Доссор тас жолы, «Кашаган Бақылау» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Қостанай қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы;
5) Қарағанды қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қарағанды филиалының метрология бөлімінің калибрлеу зертханасы;
6) Қарағанды қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қарағанды филиалының метрология бөлімінің салыстырып тексеру зертханасы;
7) Алматы қ., «Машиностроительный завод им. С.М. Кирова» АҚ-ң калибрлеу зертханасы;
8) Алматы қ. «R. S. Project ENGINEERING» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз мұнай кен орны, «Тенгизшевройл» ЖШС-ң орталық зауыт зертханасының сынақ зертханасының;
2) Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығының;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Ақтау қ., «Казахстанское агентство экспертизы и сертификации «Союз Евразия» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Алматы қ., «Научно-технический инженерный центр» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
3) Алматы қ., «Қазэкоанализ» ЖШС-ң аналитикалық зертханасының сынақ зертханасының;
4) Петропавл қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» Солтүстік Қазақстан филиалының сынақ орталығының.
7. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Теміртау қ., «Арселормиттал Теміртау» АҚ-ң көмір департаментінің «Энергоуголь» өндірістік басқармасының салыстырып тексеру зертханасынан /Теміртау қ., «Qarmet» АҚ-ң көмір департаментінің «Энергоуголь» өндірістік басқарудың салыстырып тексеру зертханасы;
2) Ақтөбе қ., «Противопожарная безопасность» ЖШС-ң инспекциялық органынан / Ақтөбе қ., «Amanat Damu» ЖШС инспекциялық органына.
8. Аккредиттеу субъектісінің мекен жай атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қарағанды қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалының өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Қонаев қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының калибрлеу зертханасының;
3) Қонаев қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының салыстырып тексеру зертханасының;
4) Астана қ., «ЛОКОМОТИВ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ» АҚ-ң орталық зауыттық зертханасының сынақ зертханасы;
9. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Ақтөбе қ., «АСУ-ЭКО» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Астана қ., «Qazaq Bio Control» ЖШС-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
10. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
11. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
12. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
13. Осы бұйрықтың орындалуын бақыла «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б. С. жүктелсін.
14. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 294-ОД 05.03.2024 ж. Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

