Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 28 наурыздағы № 101 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Эталон-Ақтау» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Ақтау қ.;
2) «GA Field Solutions» ЖШС -ң сынақ зертханасы, Ақсай қ.;
3) «Almaty Auto KZ» ЖШС -ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Metrological Expert» ЖШС -ң салыстырып тексеру зертханасы, Астана қ.;
5) «Metrological Expert» ЖШС - ң калибрлеу зертханасы, Астана қ.;
6) «КМГ Инжиниринг» ЖШС -ң «КазНИПИмунайгаз» филиалы зертханалық зерттеулер департаментінің сынақ зертханасы, Ақтау қ.
2. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Т-СТАНДАРТ» ЖШС өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органына,
Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттык аккредиттеу орталығы» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

