«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 7120-24-00-3/59887 және Астана қалалық сотының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 7199-25-00-3а/219 қаулыларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 28.03.2023 жылғы № KZ.Р.01.2494
«Metrological Expert» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2025 жылғы 28 тамызға дейін, қозғалыс өлшемдерінің 06 типі бойынша салыстырып тексеру зертханасы аккредиттеу көлемі бойынша аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

