Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 17 наурыздағы № 98 және 2023 жылғы 27 наурыздағы № 97 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК клиникалық - диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы, Астана қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «EC-lab» ЖШС - ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
2) «Беркут Астана «фирмасы» ЖШС - ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
3) «Жетісу Construction» ЖШС - ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Қауіпсіздік сараптамасы» ЖШС - ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
5) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалының калибрлеу зертханасы, Қарағанды қ.;
6) «ЭКОС» ЖШС -ң сынақ мобильді зертханасы, Астана қ.;
7) «Астық сапасы» ЖШС - ң сынақ зертханасы, Қызылорда қ.;
8) «Смарт Сервис Қазақстан» ЖШС - ң сынақ зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кенті;
9) «QHSE-Akbarys» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, С. О. Мичуринский, с. Мичуринское;
10) Филиалдың Бейнеу аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы;
11) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалы калибрлеу зертханасы, Өскемен қ.;
12) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалы салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.
13) «Сараптама – аудит» ЖШС – ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты «BalticСontrolKZСertification» ЖШС филиалының сынақ зертханасы / Балтик Контрол КЗ Сертификейшн / Қостанай қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Антиген» ғылыми өндірістік кәсіпорны ЖШС-ң сынақ орталығына, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомпром» ЖШС сынақ зертханасы / «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ң жылу электр станциясының (ЖЭС) химиялық зертханасының сынақ зертханасы», Ақтау қ.;
2) «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты- Казатомпром» ЖШС калибрлеу зертханасы / «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ.;
3) «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты- Казатомпром» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы / «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ң салыстырып зертханасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ.;
6. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының «радиациялық бақылау зертханасы» сынақ зертханасына, Курчатов қ.;
2) Цехтың өлшеу құралдарын тексеру зертханалары Жезқазған өңірлік басқармасы Жезқазған өңірінің өлшеу құралдары сапа қызметінің «Метрология және өлшеу құралдарын инспекциялау» мамандандырылған кәсіпорнының салыстырып тексеру зертханасына, Жезқазған қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттык аккредиттеу орталығы» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

