Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 15 наурзыдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 96 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «Nomad Eco» ЖШС - ң жылжымалы кеме зертханасы / сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутино кенті аккредиттелсін.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
3. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

