«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 12 наурыздан 2025 жылғы 12 маусымға дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығының № KZ.T.09.0592 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасының № KZ.T.09.1593 аккредиттеу аттестаты;
- Шымкент қ., «ЕвроЛаб» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.16.2315 аккредиттеу аттестаты;
- Ақтау қ., «ECOTERA» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.13.0577 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

