«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2013 жылғы 2 тамыздан 2018 жылғы 2 қарашаға дейін ұзартылсын:
Алматы облысы, Текелі қаласы, «Текелийский энергокомплекс» ЖШС сынақ зертханасы Ақтау қаласы (2013 жылғы 28 тамыздағы № КZ.И.04.1411 аккредиттеу аттестаты);
Павлодар қаласы, «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2013 жылғы 28 тамыздағы № KZ.Q.14.0974 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары А.А. Мусинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

